ОҚО-да шегірткіге қарсы күрес жұмыстары аяқталып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиналыста баяндама жасады. Басқарма басшысы мәжіліс барысында өңіріміздегі шегірткеге қарсы күрес шараларының барысы да назардан тыс қалмағанын айтты. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр екен. Биылғы  жылы облыс бойынша марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары жоспарланған 257,58 мың гектарға қосымша 155,0 мың гектарғаа қосылып отыр.       Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 356,022 мың гектар жерге өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 72 дана жер үсті агрегаттары мен 2 дана ұшақ қатысыпты. Әбүйір болғанда қазірде даланы дәрілеу жұмыстарына ауа райы қарасып тұр. Климаттың қолайлығына қарай зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын 4-5 күнде аяқтау жоспарланып отырған көрінеді. Техникалардың да жағдайы жаман емес. Химиялық дәрі-дәрмектер әзірге жетіп тұр. Қазіргі кезге дейін, ешбір ауданда егістіктерді жаппай шегіртке басу фактілері тіркелмеген екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*