ОҚО-да бір жарым мыңға жуық оқушы «Алтын белгіден» үмітті

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы жетекшілік еткен жиын барысында баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашованың айтуынша, облысымыздағы  1429   түлек «Алтын белгі» белгісіне, 852 бітіруші үздік аттестатқа,  9-сыныпты бітірушілердің 3568-і үздік куәлікке үмітті. 

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 33112 оқушы мектеп бітіріп, үлкен өмірге қанат қағады. Қазіргі таңда сол түлектердің басым бөлігі Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға талпынып отыр. Нақтырақ айтқанда 33112  71,8 пайызы, яғни 23760-ы Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға тілек білдірген.  Сондай-ақ биыл Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын 23760 бітірушінің 13585-і тасымалдау қажет. Ал, 12443 оқушыны ыстық тамақпен қамту да жоспарланып отыр.  1825 оқушы жатын орынды қажет етеді.  Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен бітірушілерді тестілеу орталығына тасымалдауға — 15 миллион 677,5 мың теңге, жатын орынға– 409,0 мың теңге, тамақтануға – 13 миллион 128,8 мың теңге бөлініп отыр. Бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*