Мақтааралда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді

Мақтарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру мақсатында семинар кеңес өтті. Қызметкерлер осыған байланысты көкейде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Барлық дамыған елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы төлеу қорынан 3%-дан 15%-ға дейін мөлшерді құрайтын жарна енгізеді. Қазақстан кәсіпорындарында қазіргі уақытта 5,6 млн-нан астам адам еңбек етеді және оларға 1%-дан 2%-ға дейін жарна енгізіледі.

Медициналық сақтандырудың жүйесі арқылы қазақстандықтар мемлекеттік және мемлекеттік емес клиникаларда медициналық көмекті тегін ала алады. Бұл жерде медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі (дәрігердің қабылдауынан бастап, жан-жақты зерттеулер мен қымбат операцияларға дейін) және кеткен шығынның бәрін Қор төлейді.

Қазіргі уақытта 16 еуропалық мемлекетте, сонымен бірге Түркия мен Жапонияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданылады. Дәл осы елдердің медицинасы қазіргі уақытта жоғарғы деңгейде және адамдардың өмір сүру ұзақтығы 80-85 жасқа дейін.

Айта кетейік, МӘлМС жүйесі ҚР-ның барлық сақтандырылған азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қол жетімділікке кепілдік беріледі.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*