КӘСIПТIК БIЛIМ АЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында «Бiздiң мiндетiмiз – бiлiм берудi экономикалық өсудiң жаңа моделiнiң орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабiлетiн және өз бетiмен iздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» дей келе, кәсiптiк-техникалық бiлiм биылдан бастап баршаға тегiн берiлетiнiн атап көрсеткен болатын.

сурет elarna.com сайтынан алынды

Осы орайда бiз жеңiл өнеркәсiп саласы бойынша жұмысшы маман даярлауда облыста алдыңғы қатардан көрiнiп жүрген Шымкент қаласындағы №5 колледждiң бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi туралы айтқымыз келедi. Бұл жарты ғасырлық тарихы бар iргелi бiлiм ордасы.

2014 жылдан бастап колледж эксперимент алаңшасы болып, дуальдi оқыту жүйесiн енгiзу жұмыстарын жүргiзуде. Оңтүстiк өңiрiндегi белдi кәсiпорындармен келiсiмшарт түзiлiп, бiлiм алушыларымыз өндiрiс орындарында iс тәжiрибеден өтiп қана қоймай, сол мекемеге тұрақты жұмысқа шақырылуда. Олардың қатарында Оңтүстiк өнiмдерiн әлем нарығына шығарып жүрген әлеуметтiк серiктестерiмiз «AZALA Textile», «Назар Текстиль», «Бал Текстиль» кiлем фабрикалары, «Әлем-БТ» шұлық фабрикасы, «SABTEX», «АГФ», «Гаухар», «KAZPLAST», «Alatex», «Golden Nomad» тiгiн фабрикалары және «Оңтүстiк Қазақстан аяқ киiм фабрикасы» бар.

Оңтүстiк Қазақстан облысы – жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары көп шоғырланған өңiр. Сондықтан салаға қажеттi кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың маңызы зор. Осыны ескере отырып «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында колледж базасында «Жеңiл өнеркәсiп саласындағы техникалық мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру» ресурстық оқу орталығы ашылған. Орталық «Тiгiн және тоқыма өндiрiсi» мамандығы бойынша оқытып қана қоймай, оларды қысқа мерзiмдi курстар арқылы қайта даярлаудан да өткiзедi.+

Бүгiнде колледжде жаңа модульдiк бағдарламаны игерген 10 мұғалiм мен 2 тәуелсiз сарапшы және «Кәсiпқой» холдингi базасында штаттан тыс 3 ұлттық сарапшы қызмет етедi.

Иә, үлгiлi бiлiм ошағының қызметiмен, оқытушылар мен шәкiрттерге қоятын талабы және өзiндiк ұстанымдарымен танысқаннан кейiн жаңа бiр мектептен өткендей әсерде қаласың. Бiздiң колледжiмiздiң де қол жеткен табыстары, озық тәжiрибелерi баршылық. Осының барлығы шәкiрттерге сапалы бiлiм мен саналы тәрбие беруге жол ашады.

Ақжүнiс ЕРМЕКБАЕВА, Шымкент қаласындағы №5 колледж директорының оқу-өндiрiстiк iстер жөнiндегi орынбасары

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*