Оңтүстікте Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары өтті  

 

Оңтүстік Қазақстан облысында өнерлі жастарды қолдау және ел арасында таныту, оларды толерантты рухта тәрбиелеу мақсатында Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық байқауы өткізілді. Биыл ХІІІ рет шымылдығын түрген бұл байқауды Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.Шығармашылық саланың 15 түрінен: фортепиано, баян-аккордеон, скрипка, домбыра, қылқобыз, академиялық ән салу, дәстүрлі ән , эстрадалық ән, халық биі, классикалық би, қазіргі заман биі, бейнелеу өнері, журналистика, поэзия және ұлттық қолөнер шығармашылығы, ым-ишарат тілінде ән айту сияқты номинациялар бойынша тартысты өткен шығармашылық додаға аудан-қалалардан 200-ден аса шығармашыл жастар қатысты.Ұлттық рух пен шынайы кәсібилік турасында жарысқа түскен жастардың 39-ы түрлі өнер аталымдары бойынша дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ХІІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының Республикалық байқауына жолдама алды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*