ОҚО-да индустриаландыру бағдарламасы бойынша 135 жоба жасалған

 Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135 немесе 21,4% облысымыздың үлесінде. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Астана қаласындағы Орталық  коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.Бағдарлама облыста іске асырылғаннан бері жалпы құны 206,6 миллиард теңгені құрайтын, 9,5 мың жаңа жұмыс орындық 159 жоба іске қосылып, 101 миллиард теңге ге өнім өндірілді. (Өндеу өнеркәсіп өнімінің 21 % құрайды).Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 37 миллиард теңгеге 17 жобаны іске қосу, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. 3 айда  1,7 миллиард теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асты. (Инвестициялар көлемі: «Рахат Шымкент» — 850 млн тг; «Азия Агро» — 619 млн тг; «Сырлы Созақ» — 222,9 млн тг).

Мұнан өзге, Республика бойынша өндірілген мақта талшығының, мақта иірмежібінің, кілем және кілем бұйымдарының, мақтаматалардың, керамогранит тақтайшалардың өнімдерінің 100% оңтүстікке тиесілі. Сонымен қатар, республикада өндірілетін минералды сулардың 47,7%, трансформаторлардың 46%, өңделген мұнай өнімдерінің 35,5%, портландцементтің 28%, фармацевтиканың 22,6 % облысымыздың үлесінде. 

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*