ОҚО-дағы егістік жер көлемі 800 мың гектарға жуықтады

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында брифинг берді. Онда өңір басшысы ауыл шаруашылығын  оңтүстік экономикасының жаңа драйверіне айналдыру бағытында нақты шаралар атқарылып жатқанын және жолдауда айтылған негізгі бағыт — кооперативтер ұйымдастыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келгенін айтты.«Бүгінгі күнге облыста 40 мыңға жуық  үй (39 591) және фермерлік қожалықтардан біріктірілген 363 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Жерді тиімді пайдалану, суармалы егісті кеңейту бойынша өндіріске жаңа технологиялар, тамшылатып суғару әдісі, жылыжайлар салу, интенсивті бауларды ұлғайту жұмыстарын қарқынды дамытатын боламыз» деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ағымдағы жылы егістік көлемі 792,3 мың гектар (2016 ж. — 788,8 мың га, + 3,5 мың га), интенсивті бау аумағы 2630 гектарға жеткізіледі (2016 ж. – 2,0 мың га, + 630 га 32 %).

Қазіргі таңда интенсивті баулардың тиімділігіні шаруалардың көздері толығымен жетіп отыр. Дәстүрлі баулардан гектарына 40-50 цн. өнім алынса, интенсивті баулар 500 – 600 цн. дейін өнім алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 493 га жерге жаңғақ (2016 ж. – 353 га, + 140 га     40 %) және алғашқы рет 50 га бадам бауларын отырғызу жоспарлануда. Жылыжайлар алаңы — 1323 га жеткізіледі. (2016 ж. – 1123 га, + 200 га 18 %).

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*