Оңтүстікте орташа айлық жалақы көлемі 15,8 пайызға өскен

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл орташа айлық жалақы 15,8% өсті. Яғни, өткен жылы бұл көрсеткіш 85 693 теңге болса, бүгінде 98 960 тенгені құрап отыр.Өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылы 10,9 миллиард теңге бөлініп, 64 мыңнан астам адам қамту көзделіп отыр.

Бағдарлама аясында 2017 жылдың 1 тоқсанында 21 192 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді (жылдық жоспардың 33%).  Жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды.

 Сонымен қатар, орталық атқарушы органмен Меморандум түзіліп, 66 764 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланды.

Жұмыс күші мол өңірлерден солтүстік өңірлеріне еңбек ресурстарын қоныс аудару мақсатында облыстағы халқы тығыз орналасқан Мақтарал, Сарыағаш, Шымкентте өткізілген «Еңбек рыногының ұтқырлығын дамытудың Бизнес-Форумы» мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 60-тан астам өкілдері қатысты.

Қазір 2019 мүшесі бар 672 отбасы қоныс аударуға ниет білдіруде. Оның ішінде еңбекке қабілетті 1008 адамның 116-сы ауыл шаруашылығымен, 98-і кәсіпкерлікті дамытумен айналысуға, 794-і мемлекеттік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға даяр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*