ОҚО-да шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 6 мыңға артқан

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуды қарқынды қолға алған бірден-бір өңір. Және де онда бизнес бастау аса қиындық тудырмайды. ол үшін жергілікті билік тарапынан үлкен қолдау бар. Бүгінгі таңда облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 176 684 бірлікті құрап отыр. Былтыр олардың саны 170 390 болатын. Яғни, бір жылдың ішінде түстіктегі ісмер азаматтардың саны  6 мыңға артып, 15,3 % жеткен. Мұны түстіктегі бизнес климаттың біршама жақсарғанынан деп білсек қателеспеспіз.

Сонымен қатар, 2017 жылы бұл бағытқа жалпы 5,1 миллиард теңге қарастырылып, 2 075 адамды қаржыландыру, мыңнан астам жұмыс орнын құру  жоспарланып жатыр.

Сонымен бірге «Даму» қоры, Аграрлық-несие корпорациясы, басқа да қаржылық институттар тарапынан кәсіпкерлер үшін ұтымды жағдай жасадық. Екінші деңгейдегі банктер арқылы қазынадан 1 миллиард теңге бюджеттік кредит бағытталып, («Даму» қоры – 500 миллион. теңге; жергілікті бюджет – 500 миллион теңге) шағын және орта  бизнеске 8,5 %-бен несие беріліп отыр. (Нарықта 19 %).

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*