ОҚО-да 2021 жылға қарай халықтың 95 пайызы газбен қамтылатын болады

Қазіргі уақытта 35,5 % елді мекен газбен қамтылған (халықтың 62 %). 2016 жылы бұл көрсеткіш 32,5 % болатын. Өлкемізде халықтың саны жоғары болуын ескерсек,  бұл республикадағы ең үздік көрсеткіш екен. Бұл жайлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылу жайын баяндаған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев хабарлады.

Биылдың өзінде Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 100 мыңға жуық жергілікті тұрғын табиғи газға қол жеткізетін болады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд. теңге қаржы қаралып, ол қаржыға 86 нысан құрылысы мен 89 нысанның жобалық сметалық құжаттама әзірленбек.

«Сонымен қатар, алдағы 4 жылда қосымша 383 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Ал, 2021 жылға қарай табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке (80,9 %) немесе 2 миллион 720 мың (95,6 %) тұрғынға жеткізу межеленіп отыр» деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*