Оңтүстікте жол-көлік саласына 21 миллиард бөлінбек

Мемлекет басшысы  Жолдауда  жолдардың құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Биылғы жылы жалпы жол-көлік саласына 21 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз бірінші орында тұр. Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылу жайын баяндаған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.Биылғы жылдың соңына дейін 201,5 шақырым автомобиль жолдары, 18 көпір пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар жолдардың 64 пайыздан астамы қанағаттанарлық жағдайы жеткізіледі екен.

Мұнан өзге, Республикалық маңызы бар «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі құрылысы бойынша 420 шақырым жолда қайта құру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда оның 357 шақырым немесе 85% уақытша пайдалануға беріліп отыр. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, халықаралық автодәліздің бойынан 21 туристтік нысан бой көтеретін болады. Сервистік қызмет көрсететін әрбір туристік нысанға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бойынан шамамен 10 немесе 20 гектар жер бөлінбек. Бұл өз кезегінде еліміздегі туризм саласының дамуына едәуір ықпал ететін болады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*