923 мың тұрғыны бар Шымкентте көпқабатты үйлер көптеп салынады

Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру – үлкен мәселе. Әлемдік деңгейде мегаполиске жататын қалалардың арнайы көрсеткіштері мен индикаторлары бар екенін білесіздер. Шымкент мегаполисіне байланысты көрсеткіштер мен индикаторлар әлі де қарастырылуда. Мысалы, қаладағы жеке меншікке жататын жер үйлер саны 217 мың болса тұрғындардың 60,7 %, 560 280 адам, көпқабатты тұрғын үй саны не бары – 2 042, тұрғындардың 39,3 %, 362 720 адам. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша жалпы – 923 000 адам бар.Сонымен қатар, аумағы 420 гектарды құрайтын «Shymkent City» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жобаға байланысты барлық негізгі инфрақұрылымдық жұмыстар биылғы жылдың аяғына дейін аяқталады. Болашақта ол 70 мың халық тұратын тұрғын ауданға айналмақ.

Қошқар ата өзенінің бойындағы және ескі қаладағы ескірген үйлердің орнына заманауи көпқабатты үйлер салуға дайындалудамыз. Республикамызда жасыл екпе көлемі әр адам басына шаққанда 10 шаршы метр тиіс болса, Шымкентте – 3 шаршы метрді құрайды.Сондықтан, облыстық әкімдік тұңғыш рет «Шатқалдар» бағдарламасын қабылдап, жоспарланған 16 қоғамдық демалыс орындарының 5-уі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астана үлгісімен қала маңында жасыл белдеу құру мақсатында 5064 га жерге ағаш көшеттері егілді. 2021 жылға дейін 20 мың га ұлғайту жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*