ОҚО-да 3 айда өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 183 миллиардқа жеткен

Ағымдағы жылдың 3 айында Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 183 миллиард теңгені құрап, 4,8% артты. Республикадағы үлесі — 3,4%, үлесі бойынша 9 орында. Ал, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсімі бойынша —  10 орында болатын. Бұ жайлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылу жайын баяндаған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтты.

Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 64,4 миллиард  теңгені құрап отыр. Яғни, 2,2% артты (республикадағы үлесі — 18,2% құрап, үлесі бойынша 1 орында, өсімі бойынша — 8 орында тұр).

Сонымен қатар, блысқа бағытталған инвестиция көлемі 2 есеге артып отыр. Яғни, 2016-жылдың бірінші тоқсанында өңірге тартылған инвестиция көлемі 38,1 пайызды құраған болатын. Ал, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 79,4 пайызға жетті. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,3% артты республикадағы үлесі – 6,4%, үлесі бойынша 5 орында, өсімі бойынша — 1 орында.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*