Оңтүстікте алдағы 4 жылда 205 жаңа мектеп салу көзделіп отыр

Өңір демографиялық өсім жағынан республикада алдыңғы қатарда тұр, соңғы үш жылда мектептердегі оқушылар саны жыл сайын шамамен  30 мыңға артып отырады. Осы өсімге байланысты алдағы 4 жылда 205 жаңа мектеп құрылысын салу жоспарланды. Облысымызда 1028 жалпы орта мектепте 611 318 оқушы білім алуда, бұл республика бойынша оқушылардың әрбір бесіншісі (21,4%). (Республикада — 2 859 012 оқушы).

Биылғы жылы 11 сыныпты   32 964 оқушы бітіреді. (Оның ішінде — 24840 қазақ, 2 852 орыс).  ҰБТ-ге қатысушылар саны 21 747 оқушы, яғни 78,5% құрап, бұл көрсеткіш бойыша облысымыз республикалық деңгейде 5,2 %-ға жоғары болмақ. (2016 жылы-73,2%; республика бойынша — 67,2%;  өткен жылы ҰБТ-дің орта балы — 77,7  (республикада-82 балл).

3-6 жастағы балалардың 85,1 % балабақшамен қамтылып (2016 жылы — 84,6%), облыста 1 666 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. (2016 жылы — 127 ашылған, оның 118-і жекеменшік). (Өлкемізде 901 жекеменшік балабақша бар, яғни ол республикамыздағы балабақшалардың 37,3 пайызын құрайды (республикада жекеменшік балабақшалар саны — 2413).

Астана қаласында өткізілген  «World Skills Kazakhstan» Ұлттық Чемпионатында біздің облысымыздан 9 мамандық бойынша колледж студенттері сайысқа түсіп, 1 алтын, 5 күміс медаль иегерлері атанды.

Жаңа 2017-2018 оқу жылынан бастап мектеп бітіруші түлектеріміз біліммен қатар, өзіне ұнаған бір жұмысшы мамандығын иеленеді. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуде өз септігін тигізетін болады.

Сонымен қатар, 2014 жылы «Серпін-2050» жобасы бастау алып, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы жоғары оқу орындарына және кәсіптік колледждерде білім алуға жалпы 3 жылда облысымыздан 5 627 жас  оқуға түсті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*