ОҚО-да соңғы 5 жылда 205 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы жүргізілген

Оңтүстікте денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің жақсаруы байқалады. Әлеуметтік маңызы бар онкологиялық (ОҚО — 53,5; ҚР — 88,7) және туберкулез (ОҚО — 2,5; ҚР — 2,9) ауруларының өлім-жітім көрсеткіші Республикада ең төмен  көрсеткішті құрап,  жыл сайын тұрақты төмендеп келеді. Бұл жөнінде Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылу жайын баяндаған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Денсаулық сақтау мекемелеріне жаңа технологияларды ендіру жұмыстары жалғастыруда: туа біткен жүрек ақауы бар 535 балаларға оталар жасалынса, оның ішінде 207-і «ашық жүректе».

Өңірде ағзаларды алмастыру операциялары да жалғасын тауып отыр. Күні бүгінге дейін жалпы 82 бүйректі және 8 бауырды алмастыру оталары жасалынды.  2017 жылдан бастап  «қайтыс болған донордан» ағза алмастыру жолға қойылған  (2 бүйрек алмастыру отасы жасалынды).

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласында соңғы 5 жылда 205 нысанның құрылысы жүргізілді. 2017 жылы 34 нысанның құрылысы және мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2 нысан іске асырылуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*