ОҚО-да Қазақстан мен Ресей дәрігерлері бірігіп ота жасады

Қазақстан мен Ресей дәрігерлері Шымкентте облыстық онкологиялық диспансерінде қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасады.  Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының үйлестіруімен өткен «Несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісігінің мультитәртіптік тәсілмен емдеу» мастер-класс «Шымкент» қонақүйінде екі күндік халықаралық онкоурологиялық форумға ұласты.Халықаралық форумның ашылу салтанатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаев қатысушылардың тәжірибе алмасу жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Денсаулық сақтау басқармасы және Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты онколог-дәрігерлердің біліктілігін арттыруда үлкен жұмыстар жүргізуде. Мұндай халықаралық тәжірибе алмасулар Шымкентте бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстанға медицинасы озық әлем елдері Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Моңғолияның үздік мамандары келіп, тәжірибелерімен бөліскен. Нәтижесінде біздің дәрігерлеріміз де өз бетінше күрделі оталар жасауға қол жеткізді. Бұл мақсатта Ресейдің және еліміздің үздік дәрігерлерінен де үйренеріміз аз емес, – деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*