ОҚО-да халықаралық онкоурологиялық форум болып өтті

Қаладағы «Шымкент» қонақүйінде халықаралық онкоурологиялық форум болып өтті. Шараның мақсаты – ерте диагностикалауды жақсартып, науқастарға комплексті ем жүргізіп, өмірін ұзарту. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар қатары көбейіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын қуық асты безінің қатерлі ісігімен 60-тан аса жаңа науқас анықталады. Ал, аталық безінің  қатерлі ісігімен 40-қа жуық жаңа науқас анықталады. Бірақ бұлардың 60 пайызы дерттің III-IV сатысында табылады. Бұл мәселе несеп-жыныс жуйесінің обырын ерте анықтауда Алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің уролог және онколог мамандарымен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетеді.Халықаралық шараға  Ресейдің П.А.Герцен атындағы Мәскеу қаласының Ғылыми-зерттеу онкологиялық институтының аға ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты К.Нюшко, Ресей онкоурологтар қауымдастығының вице-президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  И.Русаков, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының  онкоурология орталығының басшысы, Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас онкоурологы, медицина ғылымдарының кандидаты Н.Нұрғалиев, Қазақстан-Ресей медицина университетінің онкология және маммология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы С.Есентаева арнайы шақыртылды. Мастер-класс барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлеріне қуық асты безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасын жақсарту бойынша лекция оқылып, практикалық тәжірибе көрсетілді. Қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасалып, онкоурологиялық форумда қуықтың және аталық безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау және емдеу тәсілдері талқыланды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*