Отырарлықтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай ауданның инфроқұрылымын жөндеп жатыр

Биыл Елордамыза өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне әлем назары ауып отыр. Осыған орай, көрме қарсаңында шет елдік туристер мен мәртебелі меймандар Отырар ауданына да ат басын бұрады деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда туристік аймаққа жататын ауданымызда тарихи орындарды тамашалауға келушілерге барынша қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстар атқарылып жатыр.
«Жол мұраты – жету» деп қазақ халқы айтқандай туримзді дамытуда автокөлік жолдарының маңызы ерекше. Ең алдымен автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.Осы мақсатта ауданымыздағы облыстық маңызы бар Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан-Кентау автокөлік жолына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері отырарлықтар мен ауданға келген қонақтар тегіс жолмен қатынайтын болады.
Жол мұраты жету десек те тақтайдай тегіс жолдар елдің әлеуметтік – экономикалық әлеуетін көрсететін және тарихи шежіреге бай өлкемізге туристерді ынталандыратын зор мүмкіндік екендігі ақиқат.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*