Биыл Шымкентте 50 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады

Шымкент қаласы әкімдігіндегі актив жиналысында қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева ҰБТ-ға дайындық барысын баяндады. Биыл қаладағы жалпы орта мектептеріндегі 11-сыныпты 7431 окушы тәмамдайды. Шымкентте жалпы саны 129 мектеп бар болса, солардан 5059 оқушы ҰБТ тапсырып көруге ниет білдіріп отыр.

» Биыл 254 оқушы алтын белгіге үміткер, 173 түлек ерекше улгідегі аттестат алуы мүмкін. Айта кетейік, 2017 оқу жылы жаңа форматпен аяқталады. Нақты айтқанда, барлық түлектер алдымен мектепте емтихан тапсырады. Содан соң биыл ЖОО-на оқуға түсуге ниетті окушылар ҰБТ тапсырады» дейді Жанат Тәжиева ханым.

ҰБТ биыл 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралықта өтеді.

Қаланың бас мұғалімі ҰБТ тапсырылатын әр орында 13-тен 44-ке дейін аудитория әзірленетінін атап өтті. 80 тестілеу пункті ұялы байланысқа кедергі келтіретін құралдармен жабдықталады. Мұнымен қоса, 4G жүйесін бәсеңдететін заманауи 18 құрал сатып алынды. Тестілеу орындары металл-өткізгіштермен, бейнебақылау жүйесі және желдеткіштермен де қамтамасыз етіледі.«ҰБТ мәселесін ушықтырмау – бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі.  Олар біздің перзенттеріміз. ҰБТ тапсыра алмаса, өмірлері бүлінеді деп қорқытудың қажеті жоқ. Емтиханның өзі олар үшін күйзеліс, ал біз оларды қолдауымыз тиіс»»,- деді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Бос үрейлер белең алмас үшін әкім мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кеңінен түсіндіруді тапсырды. Буған қоса перзенттерін қолдауға келген ата-аналар үшін барынша жағдай жасау қажеттігін қадап айтты.

Білім бөлімінің басшысы мен қала әкімінің әр сөзінен өскелең ұрпақ үшін бас ауыртатындықтары сезіліп-ақ тұрды. ҰБТ мәселесі жан-жақты айтылып болған соң, алдағы жаз мезгіліндегі балалар демалысы да талқылаудың басты тақырыбына айналды.Биыл 43 мыңнан астам бала жазғы лагерьде демалады екен. Жазғы демалыспен барынша көп баланы қамту үшін мектептерде қосымша алаңшалар ашу мүмкіндігін қарастыру, қала сыртындағы және мектептердегі барлық лагерьлерде қауіпсіздік шараларын күшейту жолдары да қарастырылды. Биыл 363 жетім бала, 940 жартылай жетім, көп балалы отбасынан 1437 бүлдіршін және аз қамтылған отбасылардан 1460 балғын қалалық бюджет есебінен қала сыртындағы лагерьлерге жіберіледі. Әлеуметтік көмекке мұқтаж педагогтардың 600 баласы кәсіподақ қаржысы есебінен демалады. Ал 31565 бала мектептердегі лагерьлерле жазғы демалысын өткізеді деп жоспарлануда. Мысалы, Сайрам ауданындағы «Ақсу» лагеріне – 1200 бала, ал «Арман» және Үшбұлақ» лагерьлеріне – 4011 бала жіберілмек екен.

авторы: Әсет Әссанди

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*