ОҚО Мақтаарал ауданында орнатылған камералар заңбұзушылықтарды  азайтып отыр 

 Мақтаарал ауданында заңбұзушылықтар азайып келеді. Әсіресе қоғамдық орындар мен көлік қозғалысындағы тәртіпсіздіктер едәуір кеміген. Бұған аудан көлеміндегі қала мен кенттерге қойылған бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы сеп болып отыр.

  Жалпы биыл облыстық бюджет есебінен Мақтаарал ауданында 35 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың 31-і бейнекамера  болса,  4-еуі автокөліктердің нөмір белгілерін тіркеуге қабілетті.  Бейнекамералардың 19 данасы Жетісай қаласында,  4 данасы Атакент кентінде, 2 данасы Асықатада,  2 данасы Мырзакентте, 1 данасы Алпамыс батыр ескерткіші маңында, 1 данасы Азаттық елді мекенінде, 1 дана бейнекамера мен  2 дана тіркеу камерасы «Тәуелсіздік» көпірі маңында,  Қызылқұм ауылдық округі Түркебай елді мекенінде 1 дана бейнекамера және 2 дана АНБК орналасқан. 

  Сонымен қатар, аудандық Ішкі істер басқармасы ғимаратына жедел басқару орталығына (ЦОУ) құрал-жабдықтар орнатылып, жабдықталған.

  Айта кетейік, бейнебақылау жүйелерін дамыту жобасы облыс әкімінің бастамасымен іске асып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*