Қазығұртта апатты мектеп мәселесі 2020 жылға қарай толығымен шешіледі

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы  міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясы өткізді.Білім– ғылымның іргетасы жəне мемлекет дамуының алтын арқауы екенін айтқан аудан әкімі Президентіміз өз Жолдауында білім беру саласына айрықша тоқталып, адами капитал сапасын жақсарту қажеттігін айтты деді. Дегенмен соңғы жылдары мектепке баратын оқушылардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Оның үстіне апатты жағдайдағы мектептер мәселесі де әлі күнге күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сонымен қатар, білім ошақтарын заманауи жабдықтармен қамту қажет. Аудан басшысы осыған орай өз ойын айтты.

«Осы ретте, аудандағы апатты және апат алдындағы мектептерді жою, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылуда. Апатты және апат алдындағы 26 мектептен 2015-2017 жылдары 17 мектеп, 2018-2020 жылдары 9 мектептің  құрылысын салу жоспарлануда. Осылайша, 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі»,-деді Төлеген Тұртайұлы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*