ОҚО 400 мегабайт электр қуатын тұтынады

Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттің энергетика саласының көкейкесті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы энергетика ардагерлерінің форумы өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев еліміздегі жаңғырмалы энергия көздерінің қазіргі жағдайы және дамыту жолдары жөнінде баяндама жасады.Баяндамашыға сауалдарын жолдаған оңтүстік өңірінің ардагер энергетиктері аймақтағы энергия тарифінің жоғары екенін алға тартып  тасымалданатын электр жарығының  құнын төмендету мәселесін көтерді.

Өз кезегінде вице-министр өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, энергоресурстармен қамтамасыз ету,  электр энергиясы  тарифтерін төмендету заң аясында ғана шешілетін жеткізді.

«Оңтүстік Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған электр энергиясының тарифтері еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда ең жоғары деңгейде екені рас. Сондай –ақ солтүстік облыстардан тасымалданатын электр жарығының  құнын төмендету мен  жаңа тарифті енгізу арнайы сараптама жүргізу арқылы заң шеңберінде шешілуі тиіс. Сондықтан ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеуде сіздердің көмектеріңіз ұшан-теңіз боларына сенім мол»,-деді Бақытжан Жақсалиев.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша электр қуатына жалпы қажеттілік орташа есеппен сағатына 400 МВт құрайды. Оның 30 пайызы ішкі көздер есебінен алынса, 70 пайыздан астам бөлігі еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*