ОҚО: Арыстық кәсіпкер кетчуп пен томат сусындарын шығармақ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Елбасы Жолдауынан туындаған  міндеттердің Арыс қаласында  жүзеге  асырылуы баяндалды.  «Ал 2017-2019 жылдар аралығында индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар «Қостүйін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем шығаратын кіші зауыт құрылысы. Жобаның жалпы құны 132 миллион теңге.  Екінші жоба, жалпы құны 40 миллион теңге болатын  түйе сүтін (шұбат) пластикалық ыдысқа құятын цех ашу. Ал үшінші «Жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосымша томат концентратынан дайын өнімдер, кетчуп, томат сусындарын шығаратын цехты іске қосу көзделіп отыр. Бұл жобаның жалпы құны 70 миллион теңгені құрайды.  Осының нәтижесінде 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады»,-деді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.

Айта кетейік, Ақдала ауылдық округінде орналасқан «Агрофирма «Жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016 жылы тамшылатып суғару әдісімен 300 га жерге қызанақ егіп, 9 мың тонна қызанақ алған. Жиналған өнімнен 975 тонна концентрат томат пастасы шығарылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*