Оңтүстіктегі 1028 мектепте соңғы қоңырау соғылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласындағы №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп гимназиясының «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты.Салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы барша оңтүстікқазақстандық бітіруші түлектерді құттықтап, білімді, биік парасатты және еліміздің үлгілі азаматы болып өсуін тіледі.«Сіздер Елбасы армандаған «Мәңгілік ел» — идеясының құрылысшылары екендеріңізді ешуақытта естен шығармаңыздар. Мектеп пен жоғары оқу орындарында алатын білім арқылы сіздер еліміздің үлгілі азаматы болады деп сенемін. Қандай мамандықтың иесі болсаңыздар да бастысы, өз еліміздің патриоты болуды ұмытпаңыздар. Облысымыздың білім саласы 2016-2017 оқу жылында республикалық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.  Мұның барлығы ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білемін. Атап айтқанда, оқушыларымыз республикалық олимпиадада 30 жүлделі орын мен 6 грантты иеленді. Жаратылыстану – математика бағыты бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда — 2017» атағын жеңіп алса, түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында 50-ден аса жүлделі орындарға ие болды»,-деді әкім.

 Жалпы бүгін облыстағы 1028 мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. 2016-2017 оқу жылында облыстағы  мектептерде 611 318 білім алса, оның ішінде 33112 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*