Мақтааралдағы мектепке Дінмұхаммед Қонаевтың аты берілді

Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов Жетісай қаласындағы №122 жалпы орта мектептің «Соңғы қоңырау» мерекелік шарасына арнайы қатысты.

«Құрметті бітірушілер! Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар» — деп тілек білдірді аудан әкімі Ғ.Исмаилов.Сондай-ақ, мектептің директоры Роза Құрбанқызына «№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Дінмұхамед Қонаев атындағы №122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін» деген қаулыны тапсырды. Мерекелік кеште аудандық білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев, мектептің директоры Роза Құрбанқызы да оқушыларға деген ыстық лебіздерін жолдады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*