Мақтааралда оқушыларды ҰБТ-ға тасмалдап, тамақтандыру үшін бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген

Мақтарал ауданы бойынша 125 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 122 жалпы орта білім беру мектептері, 3 негізгі орта білім беру мектептері, 1 «Дарын» мектеп-интернаты бар. Биыл ауданда 4214 оқушы 11-сыныпта оқыды. Қазіргі таңда барлық бітіруші түлектердің 2648-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдіріп отыр. Бұл жалпы бітірушілердің 67,8%-ын құрайды. ҰБТ-ға қатысатын 2648 бітірушінің 2251-і мемлекет тарапынан тасымалданады және тегін тамақпен қамтылады. Тасымалдау мен тамақтандыруға 7 миллион теңге аудандық бюджеттің есебінен бөлінген.Мақтаралдың оқушыларын сауықтыру үшін де жұмыстар жасалынып жатыр. «Мақтарал» ауылдық округіне қарасты «Назарбек» ауылындағы Навой жалпы орта мектебінің ескі ғимараты базасында 250 орындық «Толағай» және «Бірлік» ауылдық округіне қарасты «Қоңырат» ауылындағы Болашақ жалпы орта мектебінің ескі ғимараты базасында 100 орындық «Еркежан» қала сыртындағы сауықтыру лагерьі іске қосылған. 2017 жылы осы екі лагерьге аудандық бюджеттен 34 миллион 842 мың теңге бөлініп, маусым-тамыз айларына 2800 баланы қамту жоспарланған. Сондай-ақ, 26 мамыр – 6 маусым аралығында мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылып, оған 22000-нан астам оқушыны қамту көзделіп отыр.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*