Арыста 1023 оқушы мектеп бітірді

Қоңырау үні. Бұл үн білім кемесі – мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үні – кәмелетке толып, оң-солын танып қанаттанған бозбала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады.2016-2017 оқу жылында барлығы 1023 бала жалпы білім беретін мектепті аяқтаса, оның 798 ұлттық бірыңғай тест тапсырғалы отыр. Олардың қатарында 62 оқушы «Алтын белгіден», 15 оқушы ерекше аттестатқа үміткер.Бүгін қаламыздағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі мен Дермене ауылдық округіндегі Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта мектептеріндегі соңғы қоңырау іс-шарасына қатысқан қала әкімі Мұрат Болатұлы мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестін жоғары деңгейде тапсыруына, ұстаздар мен ата-аналарының үмітін ақтап, алдағы уақытта өз білімдерін жоғары оқу орындарында шыңдай түсіп, әлемнің белді-белді оқу орындарында білім алуларына ақ жол тілеп, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*