ОҚО-да «Мерейлі отбасы-2017» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы-2017» Ұлттық байқауының облыстық кезеңінің салтанатты марапаттау шарасы болып өтті.

Елбасы жарлығымен бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мақсаты-бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.
Сонымен үш кезеңнен тұратын (аудандық, облыстық, республикалық) байқаудың облыстық кезеңінен аудандардан 30 жанұя қатысты. Оның ішінде 28 отбасыға бағалы сыйлықтар мен облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Ал, жеңімпаз атанған Шымкенттік Каналбай Сейілбекұлы мен Ордабасы ауданынан келген Омаш Шапаевтың жанұяларына Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама берілді. Сонымен қатар, облыс әкімінің дипломы мен қаржылай сый жасалды.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қатысып, өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлының құттықтауын жеткізді.

«Қадірлі бүгінгі байқауға қатысушы барлық отбасы мүшелері! Байқауға қатысып отырған сіздерді, сіздер арқылы облысымыздың барша отбасыларын бүгінгі мерекемен облысымыздың әкімі Жансейіт Түймебаевтың атынан құттықтап, сіздерге деген ыстық сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіздер. 4- рет ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсатын өздеріңіз жақсы түсініп отырсыздар. Елбасының өзі бастап, бұл байқауға ұлттық дәрежедегі атақ берілуінің өзі, ол осы ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеу. «Отан отбасынан басталады» деп жатады. Егер отбасында береке болса, отбасында ынтымақ болсатын болса, онда біздің ортақ отанымыз Қазақстанда ынтымақ, Қазақстанда береке болады» деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Аталған байқауға жылдан-жылға жұрттың қызығушылығы артып келе жатқанын айта кету керек. Былтыр облыстан 294 отбасы қатысқан болса, биыл 322 жанұя қатысуға тілек білдірген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*