ТҮРКІСТАНДА ОПЕРА ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

         Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Есімхан алаңында  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Қазақстанның халық әртісі, әнші Жамал Омарованың 105 жылдығына арналған  XX-шы ТҮРКСОЙ халықаралық опера жұлдыздарының фестивалі өтті. Халықаралық шараны Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов пен Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев ашып берді.        Фестиваль — түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркі елдерінің ұлттық операларын  жаңғырта отырып  бірлігін нығайту, түркі елдерінің қазіргі заман опера өнерінің жарқын өкілдерін таныстырып, олардың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.      Фестивальдің бас дирижері — Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры және көркемдік жетекшісі — Асқар Бөрібаев.  Сонымен қатар, фестивальге Қарақалпақстанның Халық әртісі, Өзбекстандағы  А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері  Аида Абдуллаева және Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының бас дирижері Қуаныш Исмаилов қатысты.     XX-шы ТҮРКСОЙ Халықаралық Опера жұлдыздарының фестивалінде Түркия,  Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан мемлекеттерінің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының опера жұлдыздары  өнер  көрсетуде. Атап айтқанда, Қырғызстанның Еңбек сіңірген әртісі  Әсел Бекбаева, Қарақалпақстанның Еңбек сіңірген әртісі Жеңісбек Пиязов, Түркия мемлекетінен Халықаралық байқаулардың лауреаты Чанер Акгюн, Өзбекстаннан Халықаралық байқаулардың лауреаты Немат Хабибов, Астана Опера театрының солисті,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солистері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Талғат Күзембаев,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзат Дәуірбаева және Болат Бөкенов, облыстық опера және балет театрының жетекші солистері ҚР Мәдениет қайраткері Үралхан Сейлбекова, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлжан Раскалиева, Марат Оразметов, Ерлан Жандарбай, Мәдіхан Дүйсеев, Жұмабек Қаңтарбаев, Қаракөз Абдушарипова, Айдос Иманжаппаров, Қарлыға Бердияр көпшілікке өнер тартуын арнады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*