ОҚО-да жер қойнауын пайдаланушыларға талап күшейтіледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұқит Отаршиевтың айтуынша, өңірде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 168 келісімшарт және автомобиль жолдарының құрылысына пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге 7 рұқсат тіркелген. Ал, орталық атқарушы орган тарапынан берілген құқықтар негізінде, қатты пайдалы қазбаларды игеруге облыс аумағында  27 келісімшарт  және   1 келісімшарт табиғи газды барлау бойынша тіркелген.Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткізілген  кезекті отырыста айтылды.  Мәселен қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пайдалы қазбалар көмірсутек шикізаты, қатты пайдалы қазбалар және кең таралған пайдалы қазбалар болып негізгі 3 түрге бөлінеді екен. Жиынды қорытындылаған әкім облыста заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату бойынша атқарылып отырған жұмыстарды қайта зерттеп, саралап нақты ұсыныс енгізуді. Сонымен қатар, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қою және заңды жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттеу бойынша құзырлы органдармен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жауапты сала жетекшілеріне жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*