ОҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 80 жас маман баспаналы болған

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысы Балмаржан Нарбекова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы Туған жер бағдарламасы аясында Астана қаласымен және Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарының жастар саясаты мәселелері басқармаларымен екі жақты меморандум түзілгенін мәлім етті.Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында да бірқатар жетістіктерді атап өткен ол  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша осы жылы 80 маман баспаналы болып, 315 жас маман жұмысқа орналастырылғанын айтты. Ал орташа жалақысы  56 725 теңгені құрайтын «Жастар практикасымен» 1120 жұмыс беруші мекемеге 3005 жас жолданғанын атап өтті. Бұдан бөлек, басқарма басшысы статистикалық мәліметтерді хабарлап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарын баян етті.

Баяндамашыны мұқият тыңдаған аймақ басшысы статистикалық мәліметтермен дайындалған баяндаманың салдарынан арғы жағындағы адам тағдырын көралмай отырмыз деді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*