ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз білім беру саласында бүкіл еліміздің аймағына үлгі болуымыз қажет

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жастарға арналған интелектуалдық дебат ойындары мен арнайы жастар бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қоса Жансейіт Түймебаев ешбір облыста біздегі сияқты 12 жоғарғы оқу орны мен кәсіптік білім беретін 90 колледждің жоқ екенін тілге тиек етіп, осы ретте біз бүкіл еліміздің аймағына үлгі болуымыз қажет екенін де алға тартты.«Облыста жастар саны 800 мыңға жуық, олардың ішінде 65 мыңнан астамы жоғарғы оқу орнында оқыса, кәсіптік-техникалық колледждерде 70 855 студент білім алады. Осы жастарымыздың арасындағы құқықбұзышылық пен өзіне өзі қол жұмсау фактілері өсіп отыр. Орын алған жағдай, жастарға арналып ашылған кризистік орталықтың және мектеп жанындағы психолог мамандардың жұмысының тиімсіздігінің салдары мен облыстық телеарналарда жастар бағытында тәрбиелік мағынасы бар  қызықты бағдарламалардың жоқтығының дақатысы бар»,-дейді әкім.

Мәселені қорытындылай келе өңір басшысы жастар тәрбиесіне қатысты сала басшыларына, оның ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледж директорларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*