ОҚО әкімі опера және балет театрына автокөлік пен рояль музыка аспабын сыйлады

 Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық опера және балет театрының ұжымын 10 жылдық мерейтойымен және кәсіби мерекемен құттықтап барып, өнер ұжымына рояль музыкалық аспабы мен «ГАЗель» автокөлігін сыйға тартты.Астана мен Алматыдан кейін ашылған еліміздегі үшінші театр ұжымының қызметкерлерімен кездесіп, саланы дамытудағы ойымен бөлісті.«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді орындауда Сіздердің ұжымдарыңызға да артылар жүк ерекше. Өйткені, бүгінде әлем көбінесе, экономиканы ғана дамытуға бет алған тұста болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие берер, рухани азық қалдырар мәдениет мекемелерінің жауапкершілігі орасан деп білемін. Сондықтан, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтін вокал труппасы, хор әртістері, балет труппасы және оркестр әртістерінің жұмыстарды жаңа әлемдік бағытта дамытуын қалар едім. Мәселен, театр ұжымына өнердің мюзикл жанрын әлемдік және ұлттық нақышта дамытуды ұсынар едім. Себебі, қазір бүкіл әлем бұл жанрға қызығады, көптеп барады», — деген әкім опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдарын қарастыру қажеттігін айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*