ОҚО әкімі рухани саланы дамытуда театр әртістерінің әлеуметтік жағдайын реттеуге барынша қолдау білдіруге тырысатынын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Шымкент қаласындағы опера және балет театрының ұжымымен кездесу барысында рухани саланы дамытуда театр әртістерінің әлеуметтік жағдайын реттеуге барынша қолдау білдіруге тырысатынын айтты.

Өз кезегінде, мәдениет мекемесінің бетке ұстар әртісі ҚР Мәдениет қайраткері Үралхан Сейлбекова арнайы келген өңір басшысына алғысын білдірді. Вокал әртісі аймақ басшысының мәдениет қызметкерлерімен болған жүздесуінде Оңтүстік өнері мен мәдениетін халықаралық деңгейге көтеру ниетіндемін деп айтқан сөзі барша сала мамандарына екі есе жауапкершілік жүктегенін айтты. Сондай-ақ, ол өңірдегі мәдениет қызметкерлерін Түркияға арнайы жібергені үшін алғысын білдіріп, бұл шығармашылық жандарды одан әрі шабыттандыратынын жеткізді.Ал театрдың бас дирижері Қуаныш Исмаилов биылғы Түркістанда өтіп жатқан Түрксой ұйымының  түрлі іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанын айрықша атап айтып, түрлі гастрольдік сапарларға қолдау білдіруді сұрады.

Айта кету керек, опера өнері арқылы тарихи–мәдени құндылықтарды халыққа жеткізу, қойылым және мәдени қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, ұлттық дәстүрді жаңғырту мақсатында көрермендерге спектакльдер қою мақсатында облыстық опера және балет театры 2007 жылы құрылған болатын. Бүгінде 200-ден астам театр әрітістері мен қызметкерлері бар өнер ордасының репертуарында 16 спектакль бар. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*