Салыхан Полатов Созақ ауданының әкімі қызметіне тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен өңіріміздің теріскейіндегі Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұдан былай уран мен шұбатын брендке айналдыра білген Созақ ауданын Полатов Салыхан Сабырұлы басқаратын болады. Жаңа әкімді облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды аудан активіне таныстырды. Салыхан Сабырұлы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-металлург, экономист. Еңбек жолын 1982 жылы Манкентживмаш зауытының инженер-технологы болып бастаған. 1983-2005 жылдары Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, аға мастері, «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ басқарма бастығының орынбасары, атқарушы директорының коммерция бойынша орынбасары, «Южполиметалл» ЖАҚ директорының орынбасары болып еңбек еткен. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Отырар ауданының әкімі қызметін атқарған. 2016 жылдың ақпан мен сәуір айларының аралығында облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет еткен. Ал, өткен жылдың сәуір айынан күні бүгінге дейін облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеп келді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*