ОҚО-да өнерпаздарға облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді

Шымкент қаласындағы Түркістан сарайының алдында мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» атты мәдени іс-шарасы өтті. Шара барысында еліміздің мәдениет және руханият саласына еңбегі сіңген бір топ  өнер және әдебиет қайраткерлеріне облыс әкімінің арнайы сыйлығы табыс етілді.

Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының  қолынан сыйлық алғандардың қатарында жазушы Әдіхан Шілтерханов, ақын-сазгер, жазушы, драматург Исраил Сапарбай,  әнші Ақжол Мейірбеков, Нұрлан Өнербаев, Алтынай Жорабаева сынды саңлақтар бар.

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіби театрлардың саны 8-ге жетіп, онда жыл сайын 40-тан астам жаңа спектакль сахналанып келеді. Осының өзі Оңтүстік жұртшылығының шынайы өнерге деген ықылас-пейілін танытса керек. Жыл сайын облыс орталығында «Театр көктемі» фестивалі өткізіледі. Баршаңызға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*