ОҚО-да М.Айтжановтың «ЭКСПО» әнінің тұсауы кесілді

Шымкентте мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Онда еліміздің мәдениет және руханият саласына еңбегі сіңген бір топ  өнер және әдебиет қайраткерлеріне өңір басшысының арнайы сыйлықтары тапсырылған болатын.

Кеш барысында өңіріміздің 8 өнерпазына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері мен  облыс әкімінің грамоталары табысталды.  Сондай-ақ   «Түркістан 2017 жыл — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен түркі әлемінің «Наурызнама» мерекесін ұйымдастыруға атсалысқан  шығармашылық ұжымдарға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар   берілді.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің атынан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының артисі Сапар Өтемісов облыс әкіміне алғыс тілегін білдірді.

Іс-шара барысында «ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған М.Айтжановтың  «ЭКСПО» әнінің тұсауы кесілді. Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің   қызметкерлерінен құралған хордың орындауындағы ән алдағы уақытта ЭКСПО-2017 көрмесінде шырқалатын болады.  Кеш соңы керемет концерттік бағдарламаға ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*