Оңтүстік Қазақстан облысыда 500-ге жуық ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып отыр. Кооперативтердің мақсаттарына сәйкес ірі шаруашылық құрылымдары ретінде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат көзін дайындау бағыттарында жұмыс жасайды. Биыл өңірде осы жұмыстардың есебінен ет және сүт өнімдердерін қайта өңдеу кәсіпорындарының орташа жүктелімін 60%-дан 70%-ға көтеру белгіленген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын пайдаланып, жеңілдетілген несие беру және субсидиялау жолдары арқылы 2017 жылы барлық бекітілген жоспарлар жыл аяғына дейін толық орындалмақ.Биылғы жылдың 4 айында былтырғы жылмен салыстырғанда ет өндіру тірілей салмақта – 4,1 , сүт – 1,9 жұмыртқа өндіру 6,9 пайызға көбейді.Есепті кезеңде мүйізді ірі қара бойынша мал басы өсімі – 5,5 пайыз, қой мен ешкі -1,7 пайыз, жылқы – 18,7 түйе – 6,5 құс – 5,9 пайызға артты. Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Тәуелсіздік күніне орай кәсіподақ белсенділері марапатталды
«Салалық мəдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кəсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов сала қызметкерлерімен жиын өткізді.Облыстағы мəдениет, спорт саласы қызметкерлерін еліміз үшін ең маңызды мереке Тəуелсіздік күнімен құттықтаған Бастарбек Пірімбетұлы […]
ОҚО-дағы «Нұр-Кетебай» кооперативі 1125 гектар жерге егін егіп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылындағы «Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі сонау 1996 жылы құрылған. 2016 жылы «Нұр-Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі болып қайта тіркеліпті. Бүгінде Сәду Бекеновтың төрағалық етіп отырған кооперативтің 242 […]
Астанадағы Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында 43 мәдени іс-шара өткізіледі
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар […]
Пікір қалдыру