ОҚО-да 15 мың оқушының қатысуымен «Шабыт шеруі» өтті (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы — Шымкент қаласында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің «Шабыт шеруі» атты мерекелік іс-шарасы  өтті.  1  маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстан 15 мың оқушы мен 210 студент қатысты.   Шерудің ашылу салтанатында сөз алған  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, болашақ ұрпаққа берілетін білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.«Оңтүстікте соңғы жылдары бала санының арта түсуі бізді айырықша қуантып отыр. 2016 жыл 80 мыңға жуық нәрестенің дүниеге келіп, аймағымыз демографиялық көрсеткіштермен көш бастады. Өңірде мектеп жасындағы балалар саны 611 мыңнан аса оқушыны құрап, республикалық көрсеткіштің 21 пайызына жетті. Сонымен бірге жыл сайын мектептердегі оқушылар саны шамамен 30 мыңға артуда.  Осыған орай, алдағы 5 жылда 205 жаңа мектептің құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз», — деді Жансейіт Қансейітұлы. 

«Шабыт шеруі» іс-шарасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр. Бұл күні облыстық әкімшілік іскерлік орталығының алаңында барабаншылар отряды, үрмелі аспаптар оркестрі мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*