Оңтүстіктегі өнер мектептерінде 15 мыңға жуық оқушы оқиды

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында өнерлі жастардың шабытын шыңдайтын 26 арнайы мектеп қызмет жасайды. Оларда 15 мыңға жуық оқушы білім алуда. Дәл мұндай музыка мектебі өзге ешбір мемлекетте жоқ.  Аталған оқу орындарының жетістігі де көңіл қуантады. Өңірдің өнерлі өрендері 6 мәрте республикалақ сайыстарда бас жүлде жеңіп алса, 9 мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған.  Атап айтсақ,  Отырар ауданы саз мектебінің оқушысы Бағдәулет Нұрланұлы Түркиядағы ЭКСПО-2016 халықаралық «Балалар және гүлдер» байқауының 1-орын иегері, — Бәйдібек ауданы саз мектебінің оқушысы Сыздық Асан Түркиядағы халықаралық «Бала әлемі» байқауының гран-при иегері,   Шымкент қаласы №1 саз мектебінің оқушысы Мурин Николай Фраучи атындағы 13-ші Халықаралық конкурстың    1-ші орын иегері атанды.Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болып есептеледі. Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігіуі музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудырып, әсерлі тыныс берді. Шараға облыс орталығындағы барлық мектеп оқушылары қатысты. Әр білім ошағының балалары жүріп өткен кезде сол мектептің жетістіктері айтылды. Бұл жас буынның бойында мақтаныш сезімін тудырып, олардың отансүйгіштік рухын оятары сөзсіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*