ОҚО-да «Үкілі үміт» байқауы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы мен қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті.  Байқаудың мақсаты-мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен  жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету, бағыт — бағдар бере отырып өмірге деген құштарлығын арттыру болатын.
Осы орайда облыстың аудан, қалаларынан 6 мен 15 жас аралығындағы  ән жанры бойынша -17 үміткер, аспапта орындаушылық жанры бойынша – 2 үміткер, қылқалам шеберлерінен — 15 үміткер, би жанры бойынша – 11 үміткер өтініш білдіріп, өнерін көрсетті.Қазылар алқасының шешімімен ән жанры бойынша бас жүлдеге Шардара ауданынан келген Өтеген Арыстан ие болса, бірінші орын Төлеби ауданынан Әбдіхалық Исламға бұйырды. Екінші орынға Шымкент қаласынан «Балауса» дуэті мен қазығұрттық Өмірбек Айдана лайық деп танылса, үшінші орын Мақтарал ауданынан Балтабек Ернар мен Отырар ауданынан Саматқызы Айдана және Шымкент қаласының қатысушылары ым-ишаратта ән айтушы хор ұжымына берілді.

  Би жанры бойынша бас жүлдемен Төлеби ауданынан келген «Ақ жүрек» би тобы марапатталды. Бірінші орынды Түркістан қаласынан «Балдырған» би тобы алса, Шардара ауданынан Жүсіп Арайлым және сайрамдық Хабибуллаева Диляфруз еншісіне бағындырды. Үшінші орын белесінен Түркістан қаласының «Нұршашу» би тобы мен Түлкібас ауданынан келген Әбілқасым Нұрай көрінді.Аспапта орындаушылар бойынша арнайы жүлделер Бәйдібек ауданынан келген
Есқараева Ажар мен Шымкент қаласының домбырашылар дуэті Бастарбек Диас пен Нураддин Бекжанға берілді.


Қылқалам көрмесі бойынша бас жүлде шымкенттік жас дарын Тоқтан Мұханәлінің еншісіне табысталса, бірінші орынды Түркістан қаласының жас қолөнер шебері Жақсыбай Уали иемденді. Екінші орынды Шымкент қаласынан Ахматов Абдулахит және Аманылла Димаш алса, Қазығұрт ауданынан Нұрмаханбет Дінмұхамед, шымкенттік Рысбек Мұхаммеджан, түркістандық Холматова Зилола үшінші орынды иеленді.
Дарыны мен даралығын айқындайтын айтулы байқау жеңімпаздарынан өзге облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлделері мен номинациялар да табысталды.
Жеңімпаздар облыстық мәдениет басқармасы басшысының арнайы алғыс хаты және көлемді ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы мен қылқалам шеберлері көрмесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына, «ЭКСПО — 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан 2017 жыл — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*