ОҚО-да «Мәңгі желбіре көк туым шарасы» атты мерекелік шеруі өтті (видео)

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мәңгі желбіре көк туым» атты мерекелік іс-шарасы өтті.  4 маусым-Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдыстырылған  шараға мыңнан астам адам қатысты.Мерекелік іс-шарада «25 жыл, 25 көше» мерекелік шеруі ұйымдастырылды. Шеруді көлемді көк туды көтерген  30 спортшы бастап жүгіріп, 20 мотобайкер, 30 велосипедші және тақырыпқа сай безендірілген екі автобусқа облысымыздың өнер мен спорт жұлдыздары мініп шаһар көшелерін аралады. Нақтырақ айтқанда, Бәйдібек би, Рысқұлов, Қазбек би көшелерімен жүріп өтіп, «Тәуелсіздік» саябағына келді. Шеруге қатысушылар «Тәуелсіздік» саябағына жеткен соң, оларды өңір басшылығы, зиялы қауым өкілдері күтіп алды. Мұнан кейін мерекелік шараға «Тәуелсіздік тұғырым»  сазды-хареографиялық композициясы көрік бергені анық. Компиозиция барысында оңтүстіктің жалынды жастарынан құралған 100 адамдық топ заманауи әннің ырғағымен флешмоб биледі.

Сонымен қатар, саябақ ішінде қылқалам шеберлері рәміздерге арналған шығармаларын жиылған қауымның назарына ұсынып, жас суретшілерге сурет өнерінен тренинг өткізді.Ал, Тәуелсіздік саябағында орналасқан  субұрқақта патриоттық  әндер орындалып жатқан әннің әуезімен велсипед айдаған жастар спортшылар көк туды желбіретіп өнер көрсетті.Содан кейін, мерекелік шараға қатысушылар демалы орнындағы Рәміздер алаңшасына орналасқан ту маңында бралығы хормен еліміздің әнұранын шырқады.Саябақта Қазақстан республикасының мемлекеттік гимн мыңнан астам адам шырқады. Оның ішінде балабақша бүлдіршіндері, мектеп оқушылары, колледж студенттері де бар. Ұрпақтар сабақтастығы деген міне осы болса керек ті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*