ОҚО әкімі Елбасының атынан Арыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев Арыс қаласында орналасқан Төлеген Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.Балалардың мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалаған аймақ басшысы Елбасының атынан осындағы тәрбиеленушілерге велосипед, теледидар және өзге де құнды сыйлықтар мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрме билеттерін табыстады. Мереке қарсаңында мол сыйлыққа ие болған балалардың көңілі күйі көтеріліп, мәре-сәре боп қуанып қалғанын айта кеткен жөн.«Балалар мерекесіне орай сіздерге әдейі келіп отырмын. Бала-біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздің ертеңгі тірегі болатын сендердің болашақтарыңды баянды ету біздің парыз. Сіздер үмітті ақтап, сабақты жақсы оқитындарыңызға, үлгілі де тәртіпті бала боп өсетіндеріңізге сенімім мол. Елбасымыз бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен білімді болуды айтқан болатын. Яғни, білімді болумен қатар,  дұрыс тәрбие де алуымыз қажет. Тәрбиесіз білім – сусыз диірмен»,-деді аймақ басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*