Арыстағы бір отбасы балалар үйінің бес баласын асырап алған

Арыс қаласындағы Төлеген Тәжібаев атындағы балалар үйінің 90 жылдан астам тарихы бар. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінен бүгінге дейін атақты ғалымдар мен жазушылар, ұлт мақтанышына айналған батырлар, белгілі қоғам қайраткерлері мен Кеңес одағының батырлары Бейсен Оңтаев, Садық Исмайлов, Берген Исаханов, Нағи Ілиясов, Иван Журбалар ұшса, қазақтың белгілі жазушысы, сатирик, драматург Садықбек Адамбеков пен есімі берілген Төлеген Тәжібаев та осында тәлім-тәрбие алған.

Облыс әкімі осы балалар ауылынан  5 жетімді асырап алып отырған Диқанбаевтар отбасына алғысын білдіріп, өзінікімен қосқанда 9 балалы-шағалы болған үлкен отбасыға теледидар мен барып келу шығыны қарастырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің билетін тарту етті.

Осы жылдар ішінде ұядан ұшқан үш мыңға жуық тәрбиеленуші өмірден өз бақытын тапқан. Бүгінде мұнда 72 бала тәрбиеленуде. Олардың әр қайсысы түрлі ұлттан болғанымен барлығы бір тілде яғни, қазақ тілінде сөйлейді. Бірнеше тілді меңгерген балалар  бір-бірінен өткен өнерлі де сұлу әрі тәрбиелі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*