Созақта балаларды балабақшамен қамту 90 пайызға жеткен

Теріскейліктер балалар күнін тойлады. Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен өткен шарада бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Елдің ертеңі саналған балғындарға сый-сыйапаттар, балмұздақтар үлестіріліп берілді.«Бұл мейрам балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам. Осы мақсатта көп жұмыстар атқарылуда. Мәселен ауданымызда 42 балабақша бар. Оның 14 жеке меншік, 17 мемлекеттік, 11 шағын орталық жұмыс жасауда. Барлығы 3906 бала тәрбиеленіп жатыр. «Балапан» бағдарламасының орындалуы 90 пайызға жетіп отыр. Балалардың құқығын қорғап, оларға қамқорлық таныту біздің басты мақсатымыз» деді аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы.Балаларды қорғау күнін бақытты елдің бүлдіршіндері қуанышпен қарсы алды. Бүгінгі бала ертеңгі елдің болашағы. Мәңгілік елдің шағырағын биік ұстар осы бүлдіршіндер. Бүгінгі мерекеде балалар ән салды, би биледі. Өскелең ұрпаққа демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.

Бұл мерекеде балғындар театрландырылған көріністер көрсетті. Біздің басты мақсатымыз балаларға қуаныш сыйлап көңілін көтеру — дейді ұйымдастырушылар.
Созақ ауданы бала тәрбиесінде тың тәжірибиелерді қолға алған. Оларға тек тәрбие беріп қоймай , жеке тұлға ретінде қалыптасуына аса мән беріп келеді. Жоғары көңіл-күйде балғындар жазғы демалысына аттанды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*