Мақтааралда жастар арасында шахматтан жарыс өтті

Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар — Қазақстанның интеллектуалды болашағы» атты шахматтан аудандық турнир болып өтті.Жарысқа Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысып, ақтық кезеңге шыққан жастар финалдық кезеңде бақтарын сынады. Бұ жолғы шахмат турнирі ұлдар және қыздар арасында өтті. Сөйтіп тартысқа толы болған турнирдің жеңімпаздары да анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар арасында шахматтың айла тәсілдерін Бақытжан Оразқожадан артық меңгерген үміткер болмады. Екніш орын Абылайхан Хамзенің еншісіне жазылды. Ал, үздік үштікті  Бекболат Шаңқыбайдың қорытындылағанын айта кеткен абзал.Қыздар арасында Ұлжалғас Жанзакова интелектуалдық тұрғыда шахматты өз қарсыластарынан анағұрлым артық меңгергенін дәлелдеді. Ал, Жайна Әшімнің Ұлжалғасқа жету үшін әлі біраз жаттығуы қажет секілді. Өйткені, Ұлжалғас бұжолы Жайнаға ұпай санымен қуып жете алмады. Нәтежиесінде екінші орынға тұрақтады. Үшінші орын болса, Аяулым Жақсылыққа бұйырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*