Шардаралықтар балаларды қорғау күнін орай перзентханаға жаңа босанған аналарды құттықтай барды

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні Шардара аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесінде 6 сәби өмірге келді. Мереке күні дүние есігін ашқандықтан осынау сәбилердің туу туралы куәліктері олардың аналарына салтанатты жағдайда табыс етілді.Әмина есімді қыз баланы өмірге әкелген Маржан Сапарғалиқызына, Нұрали есімді ұл баланы өмірге әкелген Тоқсұлу Бейсенбаеваға, Арайлым есімді қызды өмірге әкелген Гүлзира Әбдиеваға, Айзере есімді қыз баланы өмірге әкелген Нұргүл Өмірзаққа, Жаннұр есімді қыз баланы өмірге әкелген Айнұр Баратқа, Нұрасыл есімді батырды өмірге әкелген Гүлмәрия Шүйбековаға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Шомпиев, ардагер ұстаз Жаңылай Айдарова, «Қоссейіт» жалпы орта мектебінің директоры Орынша Қалшабекова, аудандық орталық кітапхана директоры Ғайша Төребаева, аудан әкімі аппаратының бас маманы Анар Мүтәлиева бастаған азаматтар құтықтау сөз айта отырып, туу туралы куәлік пен сый-сияпаттарды табыстады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Эльмира Мылтықбаеваның мәліметінше 2017 жылдың 1 маусымына дейін ауданда 550 бала дүние есігін ашып отыр.

Шарадара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*