ОҚО-да қозы, лақтар сиырды еміп жүр (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты Бабайқорған ауылының тұрғыны Төлеген Ибадуллаевтың сиыры өз бұзауын ғана емес, қорадағы қозы, лақтарды да емізеді екен. Бұл жөнінде ақын Қасымхан Бегманов «фэйсбуктағы» өз парақшасына жазды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір қызығы ала сиырды өз бұзауы, мұнан бөлек осы үйдің  қозысы мен лақтары кезек-кезек таласып еметін көрінеді. Момын сиыр қозы, лақтарға үркіп, теуіп өз бұзауын қызғанбайды да екен. Одан қалғанын отанасы Ұлбосын балаларына сауып алатын көрінеді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*