ОҚО-да оқушылар арасында «Қош келдің, Жаз!» туристік жарысы өтті

Шара Елбасы мақаласында айтылған, «Туған жер» бағдарламасын орындау мақсатында «ЭКСПО-2017» аясында облыстық жас туристер станциясы «Қош келдің, Жаз!» қорытынды үйірмешілердің туристік жарысын өткізді. Бұл сайыста жас 144 үйірмеші жыл бойы үйренген  техникалық ептіліктерін ортаға салды.

Жас саяхатшылар өзара бәсеке барысында азимутты анықтау, туристік-өлкетану сұрақтар, түйін байлау, аспалы өткел арқылы өзеннен өту, кедергілер жолағын бағындыру сияқты тапсырмаларды орындады. Айта кетейік үш күн бойы табиғаты әсем Біркөлік шатқалында өткен жарыс кезінде жас туристер палаткада түнеп, асты ошаққа дайындап жүрді.Жарыс қортындысы бойынша төрешілер бір ауыздан «Барсики-2» (жетекшісі Е.Керхер) үйірмесін жеңімпаз деп таныды.  Ал, екінші орынды «Альянс» тобы (жетекшісі З.Абдураймов) иеленіп, үздік үштікті «Эверест» командасы (жетекшісі Б.Айтимбетов) қорытындылады.Жеңімпаздарға палатка, арқақап (рюкзак), каска сияқты бағалы сыйлықтар мен мадақтамалар табыс етілгенін айта кеткен жөн.Алдағы уақытта, яғни жазғы демалыс барысында жеткіншектерді Қазығұрт тауына шығу, Бəйдібек, Отырар, Түркістан , Сауранға, Ақмешіт шатқалына, Сусіңген көліне экспедиция жасау көзделіп отыр. Сонымен қатар, Сырдария өзенімен бес күн бойы жүзіп өту секілді жарыстар күтіп отыр. Аталған шаралар «Туған жер» бағдарламасын орындау мақсатында өткізіліп жатқанын ескере кету керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*