ОҚО мен Шарджа арасында сауда-экономикалық, бауырластық-ынтымақтастық орнамақ

Болашақта Оңтүстік Қазақстан облысы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мәдени астанасы Шарджа қаласы арасында бауырластық-ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды. Бұл жайлы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы мен Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифтің кездесуі барысында мәлім болды.Осы орайда алдағы уақытта «Шымкент – Шарджа — Шымкент» бағытында әуе рейісін ашылмақ. Кездесу барысында қос тарап осы мәселенің мән жайын да талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының іріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф, оңтүстік делегациясын қонаққа шақырды.  

Айта кетейік, Шарджа – Біріккен Араб Әмірліктерінің   мәдени астанасы  саналады. Бүгінгі таңда қаланың жер көлемі 2600 шаршы шақырымды құрайды. Алайда жергілікті тұрғындар саны аса көп емес. Қазірде шаһардағы халқы саны шамамен 464 мыңды құрап отыр. Шарджа барлық солтүстік әмірліктердің әлеуметтік-экономикалық дамуында басты рөлді атқаратынын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*